Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«AMANAT» партиясы алғаш рет «AMANAT CUP» шахмат турнирін өткізді

AstanaTV
23.06.2022ж. 20:00
995
«AMANAT» партиясы алғаш рет «AMANAT CUP» шахмат турнирін өткізді

Елордада балалар мен жастар арасында шахматтан «AMANAT CUP» бірінші республикалық турнирі өтті. Онда еліміздің  түкпір-түкпірінен келген жастар  бақ сынады.  

Шараға қатысуға 500-ден астам өтініш түсіп, оның 200-ге жуығы іріктеліп алынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шахмат жарысына қызығушылық білдірген жас көп дейді. Сондықтан ұйымдастырушылар мұндай шараларды жиі өткізген дұрыс деп санайды.

Әлихан ТҰРЛЫХАН, ҚАТЫСУШЫ:

6 жасымнан бастап ең бірінші тренирім атам болды. Атамнан үйрендім. Жарысқа жеңуге келдім. Бірінші орын алғым келеді.

Бауыржан КАСИМОВ, ШАХМАТТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ:

Балалар үшін мұндай жарыстар өте маңызды. Себебі қазіргі таңда шахмат саласы жалпы бізде өте дамып келе жатыр.Сол себепті осындай жарыстар көп болса, бізден одан әрі шығатын шахматтан чемпиондар көп болады деп ойлаймын.


Халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік те мұндай чемпионаттардың жас шахматшылар үшін маңызы зор екенін айтады. "Бұл-үлкен жетістіктердің бастауы" дейді.

Жансая ӘБДІМӘЛІК, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРОССМЕЙСТЕР:

Біріншіден, бұл шахмат спортын дәріптеу болса, екіншіден, балалар үшін үлкен тәжірибе. Олар елден шықпай-ақ, түрлі деңгейдегі қарсыластармен бәсекеге түсуге мүмкіндік алады. Мұнда қатысушылар көп екен, демек бәсекелестік бар. Турнирді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін «AMANAT» партиясына алғысымды білдіремін.

Турнир жеңімпаздарының бірі -Константин Казаковтың айтуынша,  елімізде шахматқа деген қызығушылық артқан.Шахмат-логикалық ой-өрісті дамытады, ойлау қабілетін шыңдайды. Әлемдегі ең танымал спорт түрінің жылдан жылға дамып келе жатқанына ол қуанады.

Константин КАЗАКОВ, ҚАТЫСУШЫ:

Осындай турнирлердің өткізіле бастағаны қуантады. Өйткені жас кезімде мұндай іс-шараларды өткізу қиындау еді. Қазір бұл спорт түрін дамытуға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде, «AMANAT» партиясы да өз үлесін қосып отыр. Алдағы уақытта бәсеке тек арта түседі деген ойдамын.


Чемпионат жеңімпаздарын   «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов құттықтады. Бұл турнирдің Балалар жылына орайластырылғанын  және елімізде шахматты кеңінен насихаттауға бағытталғанын атап өтті.

Асхат ОРАЛОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бізді өте қуантатын нәрсе ол еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам жасөспірімдер мен балалар келіп қатысуда. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, барша ата-аналарға ризашылығымызды білдіргіміз келіп отыр. Жастарымыздың әлеуетін, шахматқа деген қызығушылығын, раттырады деген ешқандай күмәніміз жоқ. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты үйлестіріп, жалғастырамыз.

Турнирдің  жалпы жүлде қоры 5 млн теңгеден асады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді белгілі қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Дәрмен Сәдуақасов және Меруерт Камалиденова марапаттады.

Б. Сатуов