$516.01 €582.47 ₽6.26
×

Бурабайда жаңа нысандар ашылды

AstanaTV
24.06.2022ж. 20:00
1883
Бурабайда жаңа нысандар ашылды

Бурабайда туристер білмейтін жер көп.  Оларды жариялап, насихаттап, жаңа демалыс орындарына айналдыруға болады. Сол арқылы ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Сіз бен біз біле бермейтін ол қандай ғажап жер? Оны тілшіміз Әсел Дүкембаева көріп келді.  

Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениетіне арналған "Ботай Бурабай" этнография және археология мұражайы Бурабайдың кіре берісінде орналасқан. Алыстан бір-бірімен жер асты өткелдері арқылы байланысқан 7 тұрғын үйді көруге болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үстіне күмбез салынған құрылыстар киіз үйге ұқсайды. Олардың әрқайсысы белгілі бір қызмет түріне арналған. Ішіне   Ботай кезеңіндегі әртүрлі құрылғылар мен қарулардың көшірмелері қойылған.

Бурабайда жаңадан бой көтерген нысандардың тағы бірі – Абылай хан алаңындағы мультимедиалық-интерактивті кешен. Онда еліміздің ежелгі тарихынан бастап, бүгінгі болмысы жайлы сыр шертетін түрлі алаңқай бар. Ал,   ең ерекшесі- Қазақстанның барлық туристік орындарын небәрі 10 минутта шолып шығуға мүмкіндік беретін виртуалды тақта.

Мирас ӨЗБЕКОВ, ТУРИЗМ МЕКЕМЕСІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ:


Бұл ғимараттың құрылысы 2019 жылы маусым айында басталып, 20 жылы желтоқсан айында аяқталған. 2021 жылы 1 маусымда ғана ашылған болатынбыз. Бұ кешен Қазақстанның мультимедиялық технологиялар арқылы баяндалатын болады. Оған, қоса әсерлі аттракцион Самұрық құсының  ұшуы бар. Қазақстанның танымал көрікті жерлерінен 10 минутта саяхаттай аласыз.

Абылай хан алаңындағы қарау алаңы. Бұлттардың биіктігінен түрлерге ұмтылатын туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынған. Алаңға апаратын жол көрсеткіштермен, орындықтармен жабдықталған. Рельстері бар баспалдақ тікелей сайтқа апарады.  Шыңға шығу тек физикалық шығындарды талап етеді.

Әсел ДҮКЕМБАЕВА, ТІЛШІ:

Қазір біз Бурабайдағы Абылай хан алаңынан, Бақылау алаңына бет бұрдық. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол 860 метр биіктікте орналасқан. Жарты жолды өтіп болдық, енді 120 метрдей жол қалды.

Ал, Бурабайдың шетінде   шипажай бар. Онда марал шаруашылығы, нағыз киіз үйлер мен ұлттық дәстүрлері бар шағын этноауыл- осының барлығы әрбір туристке қолжетімді. Бақытжан Амантайұлының айтуынша, Бурабайдың табиғи ортасы марал өсіру үшін өте қолайлы. Қазір мұнда асыл жануардың 200-ге жуығы бар дейді.

Бақытжан АМАНТАЙҰЛЫ, МАРАЛШЫ:

Дайын болғанда өзіміз становкаға кіргізіп мүйізін кесіп отырамыз. Емі мынау қолдың, аяқтың суставтарына жақсы көмек береді.


Айта кетейік, Бурабай аумағында тағы  бір ғажап ну орман бар. Онда 600 жастағы қарағай бар деседі. Мамандардың айтуынша, "Аңыз бойынша, бұл қарағай 5 өрттен аман қалған және қалпына келтірілген.  Ағаштың сыртқы сақиналарына көміртекті талдау жасағаннан кейін қарағайдың жасы 270 жаста екендігі анықталыпты. Бірақ ағаштың өзегін талдау және дәл анықтау мүмкін емес дейді мамандар.  Зертханалық зерттеулер жүргізу қажет. Алайда, аңыздарда ағаштың тарихы 600 жылға жуықтайды делінген.

Ә. Дүкембаева