Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Премьер-министр Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
07.07.2016ж. 20:00
2528
Премьер-министр Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен барды

Қазақстанда суармалы жерлерді қалпына келтіруге арналған арнайы жаңа бағдарлама қабылданады. Бүл туралы бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына сапары кезінде айтты. Ауыл шаруашылығы министрінің дерегінше, ел аумағындағы суармалы жердің көлемі соңғы 25 жылда екі есеге азайған. Егістіктің 35 пайызы суды тиімсіз пайдаланып, жасанды суармалы жерлер ескіріп, қараусыз қалған. Бір миллион гектарға жуық суармалы жер егіс айналымынан шығып қалса, соның 610 мың гектарын қалпына келтіруге мүмкіндік бар, - деді министр Асқар Мырзахметов өз баяндамасында. Нақты зерттеулер мен сараптамалар нәтижесінде бұл мақсатқа 468 миллиард теңге қажет. Қаржыландыру көзі халықаралық қаржы институттары болмақ. Ол кезде жаңадан 2 мың жаңа жұмыс орындары ашылып, қосымша 600 миллиард теңгенің өнімі шығарылмақ.

Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:

Біз оны қалай жасаймыз? Құрғақ жерлерді қалай ылғалдандырамыз? Халықаралық институттармен бірігіп отырып, бюджет, мемлекет пен бизнестің әріптестігінің арқасында ма? Бұл мемлекеттік қызметкерлердің проблемасы. Халық жер мен судың болғанын қалайды. Осы мақсатта еңбек етуіміз керек. Менің ойымша, талқыға салғанымыз дұрыс болды. Асқар Исабекұлы, Ұлттық экономика министрімен біріге отырып қыркүйекте, бюджетті бекіткен кезге дейін осы мәселені қарауды тапсырамын. Оған дейін біз тиісті шешім қабылдап, қаражатты бекітуіміз қажет.

Үкімет басшысы әлеуметтік нысандарды да аралады. Облыстың білім беру басқармасының өкілдері 6 мектептің және 1 балабақшаның қазақстандық білім беру стандарттарына көшкенін мәлімдеді. Қазір Байқоңырда 14 жалпы білім беретін мектеп пен 14 балабақша бар. Үкімет басшысы «Крайний» әуежайының жұмысымен танысты. Осы жерде Роскосмос федералды ғарыш агенттігінің басшысымен жүздесіп, Игорь Комаровты келесі жылы Байқоңырда өтетін триатлонға қатысуға шақырды.

В следующем году я вместе с Кашечкиным и Комаровым придем на триатлон в Байконур. Ровно через год. При свидетелях. 

Шарипа САҚТАПОВА