Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қаңтар оқиғасына қатысты 514 адам қамауда отыр

AstanaTV
30.06.2022ж. 20:00
1255
Қаңтар оқиғасына қатысты 514 адам қамауда отыр

Қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталған, тағы 514-і күдікті ретінде қамауда отыр. Бұл туралы бүгін Бас Прокуратура мәлімдеді. Олар мемлекет мүлкін қиратуға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруға, мемлекеттік нысандар мен күш құрылымдарына шабуылға белсенді түрде қатысқан. Әрбір қамауға алынған адамның қылмысқа қатысы бар-жоғы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар деді. Олардың бәріне қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек қамтамасыз етілген. Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, ол бойынша 445 адам сотталды. Бұл азаматтарға «билік өкілдеріне қарсы күш қолданды, мүліктерді заңсыз жоюға байланысты ауыр қылмыс жасады» деген айыптар тағылған.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ 1-ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар. Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда.

Бас прокуратураның мәліметінше, жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да мән-жайды ескере отырып, 284 адам бостандыққа шыққан. Олар ешқайда кетпеу туралы қолхатқа қол қойған.

А. Шамшидин