Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Оралдық балалар шахмат турнирінде бақ сынады

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
1467
Оралдық балалар шахмат турнирінде бақ сынады

Бос уақыт босқа өтпесін! Балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалануды мақсат еткен «АМАNAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық жастар қанаты шахматтан қалалық турнир ұйымдастырды. Сайысқа қатысушы 64 бала жасына қарай үш топқа бөлініп, бақ сынауда. Олар   алдымен партияның ресми парақшасы арқылы тіркеуден өткен.  Теңбіл тақтада білімі мен біліктілігін сарапқа салған балғындардың ең кішкентайы - бес жаста.

Исламбек АСҚАРҰЛЫ, ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРІ:

Мен шахматқа 3 жыл қатыстым. Мен екінші орын алдым. Маған турнир ұнады. Апайларға, ағайларға рақмет айтамын. Бірнеше турнирге қатыстым. Үшінші разряд алдым.

Партиялықтар бұл шараны алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіп, дәстүрге айналдырмақ ниетте. Өйткені шахмат ойынына балалардың қызығушылығы жоғары. Тіпті бүгінгі сайыста өзінен жасы үлкен қарсыластарымен сайысып, жүлдегер атанған өрендер де бар.  

Архат ИСЛАМҒАЛИ, «АМАNAT» ПАРТИЯСЫ ЖҚ БҚОФ ТӨРАҒАСЫ:
 
Шахмат ойыны- балалар үшін өте пайдалы спорт түрінің бірі. Бұл ойлау қабілетін, зияткерлік, тез шешім қабылдау барысында балаларды шыңдайтын спорт түрі болғандықтан кейін демалысындағы уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында біріншіден және екіншіден мына қала халқы, тұрғындары осы шахмат ойынын көріп өздерінің басқа балаларына қызығушылығын арттыру мақсатында осылай ашық алаңда өткізіп жатырмыз.

Е. Карин