Коронавирус жұқтырғандар саны күн санап артуда. Елдегі эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық. Биыл маусым айының басында COVID-19 жұқтырғандардың күнделікті тіркелімі 5-6 жағдайдан аспаған болса, соңғы тәулікте 137 дерек анықталған. Ал 20 күндегі көрсеткіш 20 есеге дейін артты. Ең көп науқас Алматыда тіркеліп отыр. Мұнан соң Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері қазіргі таңда коронавирус инфекциясы вирусқа қарсы екпе алмаған және уақытылы ревакциналаудан өтпеген адамар арасында анықталып отырғанын көрсетіп отыр. Әлемнің бірқатар елдерінде вакциналау қарқыны бәсеңдеп, соның салдарынан коронавирус қайтадан күш ала бастады. Әзірге маска кию режимі тек емханалар мен ауруханаларда сақталады. Жағдай ушықса, карантиндік шаралар қатаңдатылауы мүмкін.
Ержан БАЙТАНАЕВ, ҚР ДСМ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Егер жағдай ушығып кететін болса, аурушаңдылық ушығып, бір-біріне жұқтыратын болса ведомствоаралық комиссияда карантиндік шараларды қатаңдату мәселелері қаралуы мүмкін. Тағы да бір қайталап айтайын қаралуы мүмкін. Бірақ оған жеткізбеудің бірден бір жолы ревакцинациялаудан өткізуіміз қажет.
А. Шамшидин