Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Депутаттар бір жылда не бітірді?

AstanaTV
30.06.2022ж. 20:00
1266
Депутаттар бір жылда не бітірді?

Депутаттар кезекті сессияны жапты. Ендігі сауал бір жыл ішінде не бітірді? Парламент жалпы биыл 127 заңды қарап, 78-ін қабылдаған. Дегенмен үкімет тарапынан кедергілер бар екенін өздері де жасармайды.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жүйелі кемшіліктердің бірі – дұрыс жоспарламау, заң жобаларының жеткілікті пысықталмауы және дайын болмауы. Депутаттардың түзетулеріне қорытындылардың уақтылы берілмеуі де ерекше назар аударуды қажет етеді. Мысалы, бала құқықтарын қорғау жөніндегі заң жобасы бойынша Үкіметтің жауабы 5 айдан кейін келді. Соның салдарынан, бұл заң Мәжіліске енгізілгеннен кейін екі жыл өткен соң ғана қабылданды.


Осы сессия кезінде Парламентте 14 үкімет сағаты өткен. Үкімет тықыр таянғанда, яғни депутаттар алдына келгенде ғана белсенді бола бастайды деді Мәжіліс төрағасы. Сонымен қатар негізгі Заң жобалары алдағы күзде қаралатынын айтты. Сарапшылар осы демалысты депутаттар тиімді пайдаланып, өңірлердегі маңызды мәселелерді талқылайтын кездесулер ұйымдастырулары керек деп отыр.

Аян САКОШЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Біздің депутаттарымыз өкілетті органның өкілдері болып табылады. Сондықтан олардың да қолдарында біздің Үкіметпен бірлесе тиісті реформаларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктері бар. Халықтың көтеріп отырған маңызды мәселелерін осы  Үкімет алдында талап қою да мүмкіндіктері бар. Сондықтан да қазіргі таңда осы сессия аралық уақытта олар тиімді уақытты пайдаланып, ең маңызды деген мәселелерді талқылап осы дайындықпен қыркүйек айында басталатын жұмысқа қызу дайындықпен келеді деген ойымыз бар.

А. Базарбай