Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Теңгенің тағдыры не болады?

AstanaTV
30.06.2022ж. 20:00
1326
Теңгенің тағдыры не болады?

Рубль мен долларға сұраныс жоғары. Осының салдарынан төл теңгеміз еңсесін көтере алар емес. Ұлттық банктің пайымы осы. Ал мәжілісмен "Курс жасанды", яғни қолдан жасалып отыр дейді. Экономисттер мен сарапшылардың теңгеге артар үміті бар ма? Тілшіміз зерттеп көрді.  

Қазақстан қор биржасында доллар мен Ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы өсті. Бұған Ресей мен Украина арасындағы жанжал себеп дейді сарапшылар. Ұлттық банкте осыны меңзеді.

Ақылжан БАЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Пандемия біткеннен соң, саяси жанжал шықты. Ресей мен Украина арасындағы дау бұл нарықтағы дағдарыс. Оны мойындау керек. Бұл Қазақстанның экономикасына әсер етеді. Инфрақұрылым жолдары тағы бар. Біз болашақты болжай алмаймыз. Нарықтағы саясат деген осы, баға өседі, өзгереді. Саясатты дұрыс пайдалансақ, экономикалық биржаны біз құрай аламыз.

Қаржы биржасы басшылығы мұнымен мүлдем келіспейді. Екі ел арасындағы жанжалдың біздің экономикаға әсері болмау керек деп отыр.

Ренат БЕКТҰРОВ, ASTANA INTERNATIONAL EXCHANGE БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Тәуелділік жоқ екенін көріп отырмыз, егер бұған дейін рубль 5,6 болса қазір 9 ға жақындап қалды Ресейде болып жатқан жағдай ол Ресейге ғана тән нәрсе ол кейбір тауарларын газ, мұнайды экспортқа шығарып жатыр. Яғни шетелдік валюта келіп жатыр. Ал оларға ештеңе импортталмайды.

Депутат Аманжан Жамаловтың да Ұлттық банктің жұмысына  көңілі толмайды. Ол қазіргі курс қолдан жасалған деді. Айтуынша, Ресейге қарсы санкциялар іс жүзінде валюта импортын нөлге дейін түсірді. Алайда энергия бағасының өсуіне байланысты экспорт өзгеріссіз қалды. Осыған байланысты рубль бағамы да күрт өскен.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бірақ теңге бағамымен не болып жатқанын түсіну өте қиын. Рубль бағам рекордтық, 9 теңгеге дейін өсті. Соңғы үш айда теңгеге қатысты рубль 50 пайызға қымбаттады. Тиісінше бүкіл Ресей импорты да 50 пайызға қымбат бағаға келеді. Біз үшін рубльдің өсуі маңызды импорттық тауарлардың да баға бойынша инфляциялық өсуін білдіреді.

Теңгенің ендігі тағдыры не болады? Бұл сауалға Ұлттық банктің маманы былай жауап берді.

Иван СЕРДЮК, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ МОНЕТАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұндай динамикалық құбылысқа себеп болған басты нәрсе – валютаға деген сұраныстың артуы және нарықтағы сатушылардың шектеулі болуы. Акционерлік қоғамдарда акционерлердің жалпы жиналысы өтті, біз дивиденд төлеудің басталуына байланысты долларға деген сұранысты көріп отырмыз. Импорттық операцияларды жүзеге асыру үшін валюта сатып алуға сұраныс әдеттегідей сақталып отыр.

Экономист Мақсат Халық төл валютамыз айналымға енген 28 жылда тек құлдыраумен келе жатқанын еске салды. Дегенмен өз болжамдарын ортаға салды.  

Мақсат ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ:

Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарын алсақ теңгеміздің троекторриясын қарасақ, негізінен құнсыздану базасында көбірекпіз. Бір мәселе бар, алдағы уақытта да теңгені құнды болуынан, құнсыз болуы көбірек болады деген сөз. Жалпы доллардың жай-күйі, Ресейден келетін тауарлардың қымбатшылығы байқалады. Және алдағы уақытта да қымбаттай беруі мүмкін дегенде бар. Ол процесс өте қиын,себебі азаматтарымыздың төлем қабілеттеріне кері әсерін тигізуде. Одан әрі инфляцияның жоғары болуына күш салуда.

Алайда, шетелдік сарапшылар еліміздің экономикасына оптимисттік пікір қалыптастырып отыр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы қысқа мерзімде  теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады. Ал, көрші ел экспорттаушылардың мүдделері үшін әрекет етуге мәжбүр болады, оларды тасымалдау мен логистикаға байланысты шамадан тыс шығындардан қорғайды дейді сарапшылар.

Ә. Дүкембаева