Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Асыл мұра" білім-өнер орталығы ашылды. Қалалық білім беру басқармасы бұл нысанның замануи құралдармен жабдықталуына, құрылыс жұмыстарының тез арада бітуіне мұрындық болған. 1-тамыздан бастап, ниет еткен барлық оқушылар қалаған үйірмелеріне жазыла алады. Сабақтар таңғы сағат тоғыздан кешкі сегізге дейін өтеді. Орталықтың ашылуына қатысқан тілшіміздің репортажы.
Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі осымен екі жыл қатарынан тұрғын үй кешендердің бірінші қабатын білім-өнер орталықтарына беруді үрдіске айналдырды. «Асыл мұра» орталығына 7 жастан асқан барлық бала қатыса алады.
Римма ИМАНҒАЗИНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Нұр -Сұлтан қаласының әкімдігі екі жыл бойы қатарынан тұрғын-үй кешендерінің бірінші этажында білім орталықтарының ашылуына жағдай жасауда. Мұндай нысандардың ашылуына қаражат бөлінуде. Бұл қосымша білім беру нысандарының мақсаты үйірмелер мен секцияларды барлық балалар үшін қолжетімді ету.
Орталық 100 балаға арналған. Мұнда баланың тұлға болып қалыптасуына арналған барлық үйірме бар. Ұстаздар арнайы іріктелген, оқушыларға таңдаулының таңдаулысы сабақ береді.
Фархат СӘБИЕВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №1 ӨНЕР МЕКТЕБІ КМҚК ДИРЕКТОРЫ:
Қазақтың құндылығын сақтай отырып театр бөлімі жұмыс істейді. Театр бөлімі сахна қозғалысы, актерлік шеберлік, сахна тілі, театр өнері сынды сабақтар өтетін болады. Және де көркем өнер бөлімі болады. Оның ішінде сурет, кескіндеме сынды сабақтар олады. Және де би хореография сабағы болады.
Қалада 11 қосымша білім беру орталығы, 152 филиал, 10 комьюнити орталығы бар. 1- тамыздан бастап өтініш қабылданады.
А. Шамшидин