Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылуда

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1312
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық орындарда бетперде кию ұсынылуда

Үкімет мүшелері  бүгін отырысқа медициналық маскамен келді. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандардың көбеюіне байланысты  адамдар көп жиналатын жерлерде маска киюге кеңес беріп отыр. Бұл сауда орталықтары, әуежайлар, вокзалдар, ұшақтар мен пойыздар болуы мүмкін.  Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, соңғы бір аптада бүкіл әлемде індеттің өсуі 3 процентке артқан. Сондықтан еліміздегі ірі мегаполистерде короновирус инфекциясының таралуы байқалады дейді. Осыған байланысты  Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында қоғамдық орындарда бетперде  киген жөн дейді .

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Сараптама жүргізіп қарасақ осы короновирустық инфекцияның өзінің 2020 жылы да, былтыр да, биылда осы айларда аурушаңдық көтеріліп отыр.Негізі инфекциялық аурулардың өзінің сондай маусымдық өзінің көтерілулері болады.

Б. Сатуов