Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қызылордада жұқпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1937
Қызылордада жұқпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр

Қызылордада жұпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр. Әсіресе, 2 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығуда. Мамандардың айтуынша, биыл   400-ге жуық науқас дәрігерге жүгінген. Оның 181-і маусым айында анықталып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 процентке жоғары. Ауруға шалдыққандардың 20 пайызы  сүт өнімдерінен инфекция жұқтырған.  Сонымен қатар, аурудың өршуіне ерте піскен жеміс-жидектердің де әсері бар дейді мамандар.

Әлия ЫДЫРЫСОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Нитраттың артық мөлшерде жеміс-жидекте тұтынғандыған себебін анықтау үшін медгемоглабинге тексеріледі. Осы 73 науқастың  50 пайзында да нормадан жоғары көрсеткіш орын алды. Бұның өзі жеміс-жидектерді тұтыну алдында мұқият болып, ата-аналар балаларға бермеген абзал. Себебі бұлар ерте өсіп-піскен бақша өнімдері болып отыр. Аурудың туындауына себепкер болу қаупі өте жоғары.

М. Тоқтасынқызы