Қызылордада жұпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр. Әсіресе, 2 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығуда. Мамандардың айтуынша, биыл 400-ге жуық науқас дәрігерге жүгінген. Оның 181-і маусым айында анықталып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 процентке жоғары. Ауруға шалдыққандардың 20 пайызы сүт өнімдерінен инфекция жұқтырған. Сонымен қатар, аурудың өршуіне ерте піскен жеміс-жидектердің де әсері бар дейді мамандар.
Әлия ЫДЫРЫСОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Нитраттың артық мөлшерде жеміс-жидекте тұтынғандыған себебін анықтау үшін медгемоглабинге тексеріледі. Осы 73 науқастың 50 пайзында да нормадан жоғары көрсеткіш орын алды. Бұның өзі жеміс-жидектерді тұтыну алдында мұқият болып, ата-аналар балаларға бермеген абзал. Себебі бұлар ерте өсіп-піскен бақша өнімдері болып отыр. Аурудың туындауына себепкер болу қаупі өте жоғары.
М. Тоқтасынқызы