Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

1 млн 400 мың отбасының әлеуметтік жағдайы қиын

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1050
1 млн 400 мың отбасының әлеуметтік жағдайы қиын

Елімізде 1 млн 400 мыңға жуық отбасының әлеуметтік жағдайы қиын.  Алматы облысында статистика тіпті жоғары. Мұнда 211 мың отбасы көмекке мұқтаж. «Аманат» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында   министр Тамара Дүйсенова халықтың әлеуметтік статусы туралы цифрлық картаны таныстырды. Осы салаға қатысы бар қоғам белсенділері  мәселені жүйелі реттеу  керек екендігін сөз етті.

Динара ЗӘКИЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

6 млн 700 мың отбасының   жартысына көмек керек.  1 млн 145 мың отбасы дағдарыста. 625 мың аз қамтылған отбасы тұрады,  97 мың  ерекше қажеттіліктегі бала бар. Сонымен қатар әлеуметтік кодексте өзекті мәселелерге тиісті мәселелер мен механизмдерді көреміз деп үміттенеміз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі  әзірге цифрлық құжаттардың дайындалып жатқанын айтты. Мемлекеттен кімнің қандай көмек  ала алатындығы нақтылануда. Әлеуметтік кодекс жобасы аясында салаға қатысты барлық заң бір кодекске біріктірілуі мүмкін. Құжат биыл күзде Парламенттің қарауына жіберіледі.

Тамара ДҮЙСЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Жаңа әлеуметтік Кодекстегі ең негізгі мәселе осы Қазақстан отбасыларының барлық базалық жағдайын жасау мәселесінен басталу керек.  Мемлекет басшысы Қазақстан азаматын негізгі азамат, елдің адамының мәселесін бірінші орынға шығарады.

А. Шамшидин