Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өндірістік жарақат үшін жұмыс беруші жауап беруі тиіс, - депутат

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1432
Өндірістік жарақат үшін жұмыс беруші жауап беруі тиіс, - депутат

Өндірістік жарақат үшін толықтай жұмыс беруші жауап беруі тиіс. Мәжіліс депутаттары заңға осындай өзгеріс енгізбек. Бір өкініштісі, соңғы кездері кен орнындағы ауыр еңбектен көз ашпай, денсаулығынан айрылғандар қатары артып, жәрдемақылары мен зейнетақылары аз төленіп жүр. Өңірлерді аралап жүрген депутаттар осы олқылықты түзетіп, жұмысшыларға тиісінше жағдай жасау қажеттігіне тоқталды.

Қарағанды облысына арнайы барған мәжілісмендер кен орындарындағы проблемалармен танысты. Олар еңбекті қорғау және қауіпсіздік туралы заңнамаға айтарлықтай өзгеріс енгізуді жоспарланып жатқанынан хабардар етті. Жаңа жобада өндірістік жарақаттар үшін жұмыс берушіні 100 пайыз жауапкершілікке тартылу қажет деді.  

Юрий ЖУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қандай бір өндірістік жарақат болған кезде заңда белгілі бір пайызбен екі жақтың кінәсі есептеліп жауапкершілік жұмыс беруші мен жұмысшыға бірдей жүктеледі. Өкінішке орай жұмыс берушілер осыны пайдаланып өз жұмыскеріне өтемақыны аз төлеуге тырысады. Біз заңнама аясында осы аралас жауапкершілік туралы норманы алып тастамақпыз.


Жаңа заң жобасына шахталар мен зауыт жұмыскерлерінің жалақысын бір деңгейде көтеру мәселесі де қаралмақ. Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігін қадағалайтын инспекторлар санын көбейту де көзделіп отыр. Кеншілерді зейнетке шағару жасын азайту мәселесі де қарастырылмақ.

Асқар НҰРБАЕВ, САРАН ҚАЛАСЫ Т.КҮЗЕМБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШАХТАНЫҢ КЕНШІСІ:

Бұл мәселе қашан шешіледі? Кен шығарып, металл арқалау мен сияқты 57 – дегі адамға оңай емес. Буындар ауырады. Міне қазір түрегеп тұрғанда арқам сыздап тұр.

Ал, Шымкенттегі Ақжар тұрғын алабының халқы, қоқыс полигонынан шаққан жағымсыз иістен мезі болған. Алты мыңдай тұрғын терезе ашудан қалдық деп отыр. Айтуларынша, күн ысығалы қоқыс өртеніп, шыбын-шіркейден де көз ашар емес.
 
Сапар ТӨЛЕГЕНОВ, АҚЖАР АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жерде қазір ешқандай зауыт та жоқ бұны өңдейтін, ешқандай несі жоқ. Осы жерге алып келеді да тастайды. 6 мыңдай халық уланып жатыр.
 
Ауыл азаматтары шешімін таппаған мәселені, мәжіліс депутаты Ғани Ташқараевпен болған кездесуде тағы көтерді. «Аmanat» партиясының өкілі ірі қалаларда қоқыс өңдейтін зауыт салу күн тәртібінде екенін жеткізіп, мәселені жауаптыларға жеткізуге уәде етті.
 
Ғани ТАШҚАРАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
 
Біз осы 2025 жылға дейін осы мусор өңдейтін зауыттардың бәрі біту керек осы алты қалада. Мынау мусор өңдейтін зауыттарды тез-тез жүргізбесе қалаларда, маңызды қалаларда мусор деген проблема болып жатыр өте. Осы мәселе бойынша да мен қазір осы жұмыстарымызды атқарамыз.


Солтүстік Қазақстан облысына барған мәжілісмендер болса, AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасына енген кірпіш зауытымен танысты. Өндіріс ошағы мемлекеттік бағдарлама аясында іске қосылған. Жергілікті кәсіпкер 800 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, аймақта алғашқы кірпіш зауытын салды.

Дмитрий КОЛОДА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Зауыт таза жергілікті балшықты пайдаланып отыр. Кен орны өндіріс ошағынан 10 шақырым жерде ғана орналасқан. Сондай-ақ, балшыққа көмірдің күлі қосылады. Демек, экологиялық таза өндіріс.


Бүгінде кәсіпорын жылына өнімнің 40 миллион данасын шығарып отыр. Бұл аймақ сұранысының тең жартысын құрайды.

М. Базарұлы