Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы облысы Қонаев қаласында 900 орындық мектеп салынып жатыр

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1880
Алматы облысы Қонаев қаласында 900 орындық мектеп салынып жатыр

Алматы облысы Қонаев қаласында 900 орындық мектеп салынып жатыр. Енді қала сыртында тұратын оқушылар орталыққа қатынамай, үйдің жанындағы жаңа білім ошағында оқиды. Мектептің құрылысы «Аманат» партиясының жол картасына енген.   3 қабатты білім ордасы биыл жыл соңында қолданысқа берілмек. Құрылыс алаңында қазір 120-дан астам қызметкер жұмыс істеп жатыр. Мәжіліс депутаттары  құрылысқа жауаптылармен тілдесіп, қажетті жағдайда өз тараптарынан көмек көрсетуге дайын екендерін айтты.

Мақпал ТӘЖМАҒАМБЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Осы манайдағы 8,10,12 шағын аудандар, көршілес Арна ауылы бар. Сондағы балаларымыз үшін білім берудің барлық мүмкіндіктерін жасауымыз керек. Соған арналған 900 орындық мектеп салынбақшы. Былтыр іргетасы салынып жатқан кезде, мен өзім келіп көргенмін. Бұл бір шетінен тексеру де емес, қандай да бір мәселе туындап жатса, көмектесуіміз керек өз тарапымыздан.

М. Жақан