Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Аманат» партиясы азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстайтын болады

AstanaTV
05.07.2022ж. 20:00
1335
«Аманат» партиясы азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстайтын болады

«АMANAT» партиясы азық-түлік бағасын қатаң бақылауда ұстайтын болады. Бүгін партия жанындағы республикалық және өңірлік кеңес мүшелері сауда обьектілерінің бірінде баға мониторингін жүргізді. Бұл жолы олар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің халыққа қаншалықты қолжетімді екенін тексеріп, тұрғындармен тілдесті.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрі бар. Оған  қант, сұйық май, жұмыртқа, ет кіреді. Олардың нарықтағы бағасы арзанырақ және тұрақталған. Ал тұрғындар оны мынадай «әлеуметтік маңызы бар өнім» деген жазу арқылы біле алады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеудің тиімді құралы ретінде "айналым схемасы" іске қосылған. Аталған бағдарлама аясында жергілікті атқарушы органдар өндірушілер мен сауда желілерін қаржыландырады. Олар жеңілдікпен қарыз алып,   өнімнің жекелеген түрлерінің белгілі бір көлеміне бағаны ұстап тұруға міндетті.  

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі маңызды проблемалардың бірі – қымбатшылық. Халық айтып жатыр ғой, азық-түліктің қымбаттағаны 20 пайыздан асты деп. Бүгінгі жағдай қалай екен, барлығын қарап талқылап жатырмыз. Халық бәрібір айтып жатыр, бөлінген ақшаға қарамастан, баға қымбаттап жатыр деп.

Мониторинг барысында анықталғандай, тұрғындардың көбі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізімін және бағасын біле бермейтін көрінеді.

Любовь ФИЛАТОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Бүгін арзан қантқа тап болдық. Негізі, басқа күндері болмай қалады. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің тізімін де біле бермейміз, қызметкерлерден сұраймыз.

Фарида АМАНҚҰЛОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Жас семьялрға өте қиын ғой. Ақша таппай жатыр. Квартирада тұрады. Жұмыс істемейтіндер көп. Әйелдер үйде баламен отырады. Оларға өте қиын. Бәрі қымбатшылық. Қанттың жоқ болып кеткеніне көп болды. Сол орнына кеп, арзандаса екен дейміз. Басқа заттың бәрі де қымбат боп жатыр ғой.

Алайда, кәсіпкерлердің  өз уәжі бар. Олардың айтуынша, қазіргі таңда бағаны ұстап тұру қиынның қиыны. "Барынша тырысқанымызбен, біз де үлкен тәуекелдер күтіп тұр" дейді.

Азамат ОСМАНОВ, «MAGNUM CASH&CARRY» БӨЛШЕК САУДА ЖЕЛІСІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

Қазір кезде, инфляцияның бүкіл әлемде өсуіне байланысты «айналым схемасының» эффекті көрінбейді. Ол мәселенің толық шешімі емес. Бірақ, бүгінде «айналым схемасынан» басқа бағаны ұстап тұруға көмектесетін  құрал да жоқ.

Депутаттар  азық-түлік бағасын ауыздықтау үшін  қосымша бағдарламалар әзірленетінін және  тығырықтан шығатын басқа да жолдар қарастырылатынын айтты.  Халықтың   сұранысы жауапсыз қалмайды,- дейді.

М. Жақан