Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Қарағанды - Жезқазған" тас жолында көлік апатынан 3 адам қаза тапты

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
1506
"Қарағанды - Жезқазған" тас жолында көлік апатынан 3 адам қаза тапты

Қарағанды - Жезқазған тас жолында көлік апатынан 3 адам қайтыс болды. Жантүршігерлік оқиғадан екі бірдей отбасы зардап шекті. Полиция  департаментінің хабарлауынша екі көлік Шет ауданының Ақой ауылынан 5 шақырым жерде соқтығысқан.  Қарағандыдан шыққан Mercedes- Benz машинасының 54 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай қалып келесі бағыттағы  Chevrolet Cobalt  көлігіне соққан.  Салдарынан өзі және қасындағы әйелі және екінші машинаның жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Екінші көлік жүргізушісінің отбасы - әйелі мен екі баласы ауруханада жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер.

А. Қуаш