Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжар тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, абайсызда 4 млн теңге несие алған

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
1446
Қызылжар тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, абайсызда 4 млн теңге несие алған

Қызылжар тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп, 4 миллион теңге несие алғанын білмей қалды. Пысықайлар Юрий Фоминыхты бірнеше күн қатарынан айналдырған. Алдымен банк қызметкерлері ретінде хабарласып, оның шотына шабуыл жасалып жатқанын айтқан. Артынша, оның бүкіл жеке мәліметтерін айтып, сеніміне кірген.  Кейін алаяқтар оған айтқанын істетіп, екі несиені мойнына іліпті.  Бірақ арам пиғылдылар мұнымен де тоқтағысы келмей қарыз көлемін тағы ұлғайтуды көздесе керек. Ізінше Юрий алаяқтардың құрығына түскеніне көзі жетіп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Өкінішке қарай, жеңіл ақша тапқан адамдар әзірге табылған жоқ.  

Юрий ФОМИНЫХ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Менің жеке деректерімді айтып берген соң, сеніп қалдым... Мен жеке куәлігімді ешкімге бермеймін, әрдайым өзіммен бірге жүреді. Ал ол менің жеке деректерімді толық, тіпті отбасы мүшелері мен жұмыс кестесіне дейін айтып берді. Содан сеніп қалдым.

Берік ІЛИЯСОВ, ПЕТРОПАВЛ ПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ТЕРГЕУШІСІ:


Қазіргі уақытта қала тұрғындарына қоңырау шалып, өздерін Полиция департаментінің басшылығы немесе банк қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтық жасау фактәлері кең таралуда. Сол себепті қала тұрғындарына айтарымыз, полиция және банк қызметкерлері ешқашан қоңырау шалып, деректеріңізді сұрамайды.


А. Құрманкин