Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылорданың 2 ауданында бұршақ жауды

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
2250
Қызылорданың 2 ауданында бұршақ жауды

Шілденің шіліңгір ыстығында Қызылорданың екі ауданында  ірі бұршақ жауды. Сырдария мен Жалағаштың тұрғындарын егіннің жайы  алаңдатып отыр. Әлеуметтік желіде жұртшылық бақша дақылдарына едәуір зақым келгенін  жазуда. Ал Жалағашта бұршақтан кейінгі дүлей дауыл 2 көпқабатты үйдің шатырын ұшырып жіберді. Ол жақын маңда тұрған жеңіл көліктерді басып қалған. Электр сымдары   үзіліп, аудан тұрғындары біраз уақыт жарықсыз қалды. Қазір арнайы комиссия құрылып, зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Шығын мемлекет тарапынан өтеле ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Нұрбол ИСАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

18 пәтерлі тұрғы үйдің шатыры толығымен ұшып, ауданы 504 шаршы метр, үйдің жанында орналасқан эдектр бағаналары мен желілерін құлатып және жеңіл 2 автокөліктің үстіне құлағаны жөнінде хабарлама берді. Қазіргі таңда, комиссия құрылып, орын алған төтенше жағдай барысында келтірілген шығындар есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

М. Тоқтасынқызы