Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы жойылады

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
1771
Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы жойылады

Маңғыстауда су тұшыту зауыты сынақ режимінде іске қосылды.  Яғни бұған дейін өндірістік кәсіпорында пайдаланылған су енді халықтың қажетіне  жаратылмақ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Маңғыстауда ауыз су тапшылығын жою бойынша тапсырма берген  болатын.  Соған сәйкес 2025 жылға дейін қуаты 286 мың текше метр болатын 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінде соның алғашқысы “Қаражанбас” кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұшыту зауыты тесттік  режимде сәтті іске асырылуда. Осы уақытқа дейін кәсіпорын пайдаланып келген «Астрахан-Маңғыстау» су құбырынан босаған 10 мың текше метр ауыз суды енді тұрғындар пайдаланады.   

Бердібек ҚАРТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Облыс бойынша суды Үшкөл арқылы алады. Бұлар жерасты пластовый давление ұстау үшін осы суды пайдаланады. Осыны алмастыру мақсатында зауыттың құрылысы басталып, кестеге сай іске қосылып жатыр. Қазіргі таңда сәйкесінше 10 мың текше метр тәулігіне су босайын деп жатыр.

"Қаражанбасмұнай" өкілдерінің айтуынша, мұнаймен бірге шығатын ілеспе қабат суын қайта өңдеу қоршаған ортаға да оң әсер етеді. Сол себепті бұл жобаны пайдаланудың экономикалық әрі әлеуметтік маңызы  зор. Кәсіпорын толық іске қосылғанда 50-ге тарта тұрақты жұмыс орны ашылады.  

Нұрлан НОҒАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Маңғыстаулықтар сіздердің жұмыстарыңызды бағалайды. Өте үлкен жұмыс жасалды. Біздің алдымызда әлі де осы облысты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде 8 жоба бар.

Зауытта өндірілген таза су кен орында техникалық бағытта қолданылады.

М. Базарұлы