Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы "AMANAT” партиясының қолдауымен таза ауыз сумен қамтылмақ

AstanaTV
07.07.2022ж. 20:00
1983
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы "AMANAT” партиясының қолдауымен таза ауыз сумен қамтылмақ

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы халқы таза ауыз сумен қамтылмақ.  Бұл туралы бүгін елді-мекенге арнайы барған "AMANAT” партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы кезінде белгілі болды. Айта кетейік, аудан халқы 30 жылдан бері ауыз суға зәру. Егіндікөлге барып келген әріптесім тақырыпты тарқатады.

Егіндікөл ауданында қазір 6 мыңға жуық халық бар. Соңғы жылдары мұнан қоныс аударушылар көбейген. Оның себебін жергілікті бұқара ауыз су тапшылығымен түсіндіреді. Өйткені 30 жылдан бері мәселені шешетін шенді табылмаған. Тіпті бірнеше айдан бері халық ауыз судан қағылған. Амалы таусылған тұрғындар "AMANAT” партиясына жүгініпті.   

Светлана ГУРБАНОВА, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су құбырының жиі жарылуынан, соңғы 30 жыл бойы зардап шегіп келеміз. Шегіне жеткені сонша, жаз шыға мүлдем ауыз сусыз қалдық. Мәселені шешуге партиядан қолдау сұрадық. Партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың тікелей араласуымен екі апта ішінде күрделі апаттың салдары жойылды. Десе де, бұл уақытша амал. Сондықтан да мәселені түбегейлі шешуде біз партияға үлкен сенім артып отырмыз.


Егінкөлдіктердің ауыз су мәселесін мәжіліс депутаттары Парламентте көтерген. Осыдан соң сең қозғалып, енді  Нұра топтық су құбыры толық қайта жаңартылмақ. Биыл оның жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қаражат бөлінеді деді,- депутат Асқарбек Үйсімбаев.

Асқарбек ҮЙСІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Өз басым бірнеше депутаттармен келісіп, депутаттық сауал жаздық. Оның жауабын да алдым. 100 млн теңге бөлініп жобалық-сметалық  құжаттамасы дайындалып жатыр. Осы мәселені республика тарапынан «AMANAT» партиясы арқылы әдейі қолға алып, жүргізейік деп келіп отырмыз. Халықпен жүздесіп, соңғы нүктесін қоймақшымыз. Осындай күрделі мәселелерді шешу «AMANAT» партиясының мойнында болып тұр.


Мәжлісмендердің айтуынша Нұра топтық су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, бір ғана Егіндікөл ауданы ғана емес, соған маңайлас тағы екі аудан толық сапалы ауыз сумен қамтылады. Мұны естіген ауыл тұрғындары партияға алғыстарын жаудырды.

Гамзат САҒЫНДЫҚОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«AMANAT» партиясына алғысым зор. Мәселені көтеріп, жоғарыға жеткізуде. Нәтижесінде су мәселесі шешіліп жатыр. Алғысымды айтамын.

Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауға қатысқан тұрғындар, ұялы телефон байланысының жоқтығын жеткізді. Субсидия және аудандық аурухананың асханасын жөндеуден өткізілсе деген өтініштерін жеткізді. Мұны да партиялықтар өз бақылауына алатын болды. Айта кетейік республикалық мобилді қоғамдық қабылдау жыл басынан бері 400-ден астам ауылды аралап, 4 мыңнан астам арыз-шағымды қабылдаған. Оның 30 пайызға  жуығы қысқа мерзім ішінде шешімін тауып отыр.

Б. Сатуов