Еліміздегі "құйтырқы" схемалар артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов осылай дейді. Оның сөзінше, жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1 300-ден астам қылмыс тіркелген. Әртүрлі деңгейдегі 140-тан астам лауазымды тұлға заңды белден басқан. Агенттіктің өзінде 2 қызметкер жемқорлық үшін сотталып, 5 адам жұмыстан босатылған.
Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Еліміздің азаматтары мен кәсіпкерлер біздің жұмысымыздың нәтижелерін сезіне ме? Жедел жағдай мен шағымдарды бақылау әрдайым бола бермейтінін көрсетеді. Адамдарға жақсы баспана мен жол керек. Қол жетімді жер мен ауыз су қажет. Сапалы білім және медицина. Әділ сот және қауіпсіз өмір сүру ортасын қалайды. Міне, қоғамның сұрауы. Ал біз естімейтін сияқтымыз және "әдемі" статистика бойынша жұмыс істеуді жалғастырамыз.
Ә. Дүкембаева