Ақтөбе облысындағы далалық алқапқа шегіртке қаптады. Әйтеке би ауданына қарасты аумақта зиянкестердің көптігі сонша - жолдағы көлікке жаңбырша жауып жатыр.
Аумақтық инспекция мамандары әлеуметтік желіде таралған бұл видео Қарабұтақ және Ақкөл ауылдық округтеріне қарасты Қабақ жайылымында түсірілгенін анықтаған. Инспекция басшысы Дастан Сағыровтың айтуынша, бүгін жәндіктерді улау жұмыстары басталды.
Дастан САҒЫРОВ, ҚР АШМ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:
Егістікке қаупі жоқ деуге болады. Өйткені, онда біздің бақылаушылар, ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері барлығы бақылап, қарап отыр. Ол жаққа барады, шабады деген ешқандай қауіп жоқ.
Инспекцияның ақпараты бойынша, биыл облыстың үш ауданына қарасты 319 мың гектар жер шегіртке уымен өңделіп жатыр. Зиянкестерге қарсы дәрі-дәрмек пен техника жеткілікті деді. Былтыр да улау шаралар уақытылы жүргізілді деп отыр. Бірақ неліктен шегірткенің бас көтеріп жатқанын түсіндіріп бере алмады.
Г. Сейтенова