Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Құс атуға шыққан жігіт абайсызда далада жидек теріп жүрген әйелді атқан

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
1882
Құс атуға шыққан жігіт абайсызда далада жидек теріп жүрген әйелді атқан

Солтүстік Қазақстан облысында құс атуға шыққан жігіт абайсызда далада жидек теріп жүрген әйелді атып алды. Құзырлылардың дерегінше оқиға Жамбыл ауданының Бауман ауылында болған. Оқ жәбірленушінің кеудесіне тиіпті.  Прокуратураның дерегінше аңшы оны өзі ауруханаға апарған. Алайда, ауыр жарақаттанған  51 жастағы әйел емдеу орнына жетпей, жолда көз жұмыпты. Бұған қатысты іс қозғалды,тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Талғат ТӨЛЕГЕНОВ, СҚО ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:


Бұл қылмысты жасаған адам анықталған. Ол өз кінәсін мойындап отыр.  ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128  бабының тәртібі  бойынша ұсталып, Жамбыл аудандық уақытша ұстау изоляторына қамалды.


А. Құрманкин