Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Оралда жеті бала ұшынып, ауруханаға түсті

Оралда жеті бала ұшынып, ауруханаға түсті

Оралда бір үйдің төрт баласы ұшынып,  ауруханаға түсті. Олардың  ең кішісінің жасы- 1-де, үлкені 11-де. Ата-аналары балаларының қарбыздан ұшынғанын айтады. Бірақ дәрігерлер мұны теріске шығарып, «өткір гастроэнтероколит» деген диагноз қойған.  Бұған  бүлдіршіндерден алынған талдау нәтижесі себеп болды дейді.   

Надия АХМЕТОВА, БҚО ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Эпиданамнез жинағы бойынша ол 9-ы күні желінген қарбыз. Ал бүгінгі таңда 12-сі күні олар келіп қаралғанда соны енді біз клиника бойынша қарағанда оның қарбызға ешқандай қатынасы жоқ. Мына жерде «кишечная инфекция» дейді, соған байланысты бүгінгі таңда біз зерттеу өткізіп жатырмыз. Бактериялық зерттеуден кейін табылады ғой қандай возбудителі болғаны.


Бүгін сондай-ақ,  жазғы  лагерде демалып жатқан  үш оқушы қыз  да тамақтан ұшынып,  ауруханаға түсті.  Дәрігерлердің айтуынша, 15 және 16 жастағы  жасөспірімдер қатарластарымен бірге құрбысының туған күнін тойлаған. Сол кезде  түрлі тәттіден ауыз тиіпті. Дәрігерлер оларға да «өткір гастроэнтероколит» диагнозын қойған.

Е. Карин