Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтатылды ма?

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
1698
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтатылды ма?

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы тоқтатылды. Бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге толығымен игерілген. Бүгін кейбір ақпарат көздерінде осындай хабарлама тарады. Бағдарламаға жауыптылар бұл ақпаратты жоққа шығарды.  

"ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ:

Әлеуметтік желіде таралған ақпарат жалған. Яғни, бағдарламаға бөлінген 100 млрд теңге әлі толық игерілген жоқ. Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын іске асыру мерзімі – 30 жыл. Бүгінге дейін қатысушы банктер жалпы сомасы 82 млрд теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдады, 4 847 автомобиль берілді.


Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2013-ші жылы басталған болатын. Бағдарлама отандық автопромды қолдау үшін қолға алынған еді. Құны 15 миллионнан аспайтын Қазақстанда құрастырылған теміртұлпарды 4 процентпен 7 жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беріп отыр. Дегенмен 100 млрд теңге сарапшылардың есебі бойынша 10 мыңға жуық көлікке ғана жетеді. Ал, экономист Бауыржан Ысқақов «аз процентпен автонесие алу халық үшін тиімді. Бірақ бағдарламаға сәйкес қолжетімді теміртұлпардың бағасын көрсең, жағаңды ұстайсың» - дейді.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Жеңілдетілген несиемен беріліп жатқан автокөліктердің бағасы, мынау біздің одаққа ЕЭО мүше, мысалға Армения, Қырғызстан сияқты мемлекеттерге қараған кезде қымбат. Яғни, біз мемлекет тек қана несиелік қана жеңілдік беріп отыр. Егер осымен қоса жанағындай сол автокөліктердің бағасының да төмендеуіне мүмкіндік беретін болса. Яғни 10 миллионның автокөліктерін 6-7 миллионға дейін түсірудің жағдайын жасаса.