$505.15 €550.31 ₽5.89
×

Білімді азамат болашағына айқын қарайды, - Е.Тоғжанов

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
1494
Білімді азамат болашағына айқын қарайды, - Е.Тоғжанов

Білімді азамат болашағына айқын қарайды. «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының VI Съезіне қатысушылармен кездесуге келген премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді. Ол болашақ жастардың қолында екенін айтып, белсенді жастарға сенім білдірді. Сондай-ақ вице-премьер жас делегаттармен пікір алмасты. Үкіметтің жастар үшін жасап жатқан жұмыстарына тоқталды. Әсіресе жұмыссыздық деңгейін төмендету, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және басқа да өзекті мәселелерді сөз етті.

Ералы ТОҒЖАНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қ.Тоқаев айтты болашақта бәрі өз қолдарыңда. Білімді азамат ол өзін еркін сезінеді. Білімді азамат болашағына айқын қарайды. Білімді азамат қалай өмір сүру керек, қай бағытта жүру керек екенінде ол азаматтар біледі.

Мұнан соң жастармен кездесуге, «AMANAT» партиясының Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Дархан Қыдырәлі де келді. Ол әр өңірден келген қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 6-шы Съез жастарға асқақ рух, жаңа жігер сыйлайтынына сенім білдірді. Жаңа Қазақстанды құру ісі осындай жаңа форматтағы жүздесулерден, жаңаша ойлайтын жастардан, орамды ой талқыдан басталатынын жеткізді.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІ БЮРОСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біздің барлық жетістіктеріміз, жалпы рух деген сөздің ішінде бәрі бар деп айтып кеттікқой. Мына адамның адамшылығы да сол рухынан көрінеді.Ұлттың ұлттығыда сол рухынан көрінеді.Рухы биік болса, рухы берік болса, ол ұлттың да бәсі мықты болады.Атына заты сай мына жастардың қанаты Қазақстанның жаңа рухына айналады деп сенеміз.Қазақстанның жаңа рухы қазақстанға жаңа серпін береді деген ниеттеміз.

Б. Сатуов