$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарда фермер асыл тұқымды мал әкелгенін дәлелдей алмай жүр

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
1517
Павлодарда фермер асыл тұқымды мал әкелгенін дәлелдей алмай жүр

Павлодарда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының жыры бітер емес. Тағы бір шаруа қожалық асылтұқымды мал әкелгенін дәлелдей алмай жүр. Баянауылдық Алдамжар Алтынбек осыдан 4 жыл бұрын Ресейден   50  асыл тұқымды қара мал алып келіпті. Алайда, прокуратура  "алаяқтық жасадың" –деп шаруа мен оның баласының үстінен іс қозғаған. Фермер малының  асыл тұқымды екенін, құжатының дұрыс екенін дәлелдеп шықса да, қылмыстық іс тоқтатылмапты. Амалы таусылған шаруа арнамыздан араша сұрады.

Алдамжар Алтынбектің мал баққанына 30 жылға жуықтаған. Бұған дейін де бірнеше мәрте мемлекеттік бағдарламамен несие алып, төрт түлігін көбейтіпті. Алайда, соңғы алған субсидия маза берер емес. Әкелі балалы екеуге прокуратура алаяқтық жасадың - деп іс қозғаған.  

Алдамжар АЛТЫНБЕК, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ:

Енді сіздерді алаяқтық баппен қылмысқа тартамыз. Ана малды есепке қоя берсін. Біз ол малды шығара саламыз. Сізді соттаймыз дейді 5 жылдан 10 жылға дейін мерзім бас бостандығынан айыратын бап мынау деп сүйдейді.

Шаруа «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 26 млн. теңге несие алып, Ресейден 50  асыл тұқымды қара мал сатып алған. Осыған мемлекет 11 млн. 200 мың теңге субсидия беріпті. Малды  көрші елден арнайы барып ұлы екеуі, таңдап алған. Алдайда, оны құжат дұрыс емес - деген желеумен дер кезінде тіркей алмаған. Тек биыл ғана барлығын дәлелдеп тіркеуге қойыпты.

Алдамжар АЛТЫНБЕК, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ БАСШЫСЫ:

Алақан маңдай термен, еңбекпен тіршілік етіп жатқан адамбыз өзі. Анау шекарадан қауіпсіздік мекемесінен қосымша дәлел құжаттар, анықтамаларды бәрін алып бердік қатынас хат жолдап. Оған бәріне көз жетті. Соттың шешім шықты. Сонда да не қыл дейтінін мен түсіне алмаймын.


Ал облыстық прокуратура өңірдегі 11 шаруашылықтың үстінен іс қозғапты. Барлығына жалған құжат жасап, малды шекара асырды –деп айып тағып отыр.

Рүстем ЕСЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
 
Тексеріс барысында қарама-қайшы тексеріс жүргізіп, РФ сұраулар жолдадық. Алынған жауаптарға сәйкес субсидия берілген малдарға РФ кәсіпорындарымен сатылмағаны анықталды. Сол себепті біз  бұл туралы облыс әкімінің атына заң бұзушылықтарды жөндеу туралы ұсыныстар енгіздік. Осы ұсыныста біз мемлекеттен бөлінген заңсыз субсидияларды қайтару жөнінде талап қойдық.


Қазіргі уақытта аймақтағы 6 қожалықтан қолдау қаржыны өндіріп алу бойынша сот ісі жүріп жатыр. Ал субсидияны кімнің заңды, кімнің заңсыз алғандығы енді сот анықтамақ.

Ө. Қуанар