Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған жәйттер анықталды

AstanaTV
13.07.2022ж. 20:00
1405
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтары бұзылған жәйттер анықталды

Түркістан облысында мүгедектікке шығаруда заңсыздыққа жол берілгені анықталды. Отырар ауданында кәмелетке толмаған үш балаға жалған құжаттар жасау арқылы жәрдемақы төленіп келген. Бұл деректерді облыс прокурорлары арнайы тексеру кезінде анықтады. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  құқықтары бұзылған деректер баршылық деді құзырлы орын өкілдері.  Мәселен, оңалту бағдарламаларына сәйкес мүгедектердің керекті құрал-жабдықтарын қамтамасыз етпеу, жыл сайын мүгедектерді жұмыспен қамту үшін белгіленетін квоталарды мерзімінде белгілемеу, белгіленген квоталарды формальды түрде жүргізу орын алған. Мұндай кемшіліктер Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Арыс, Түрістан қалаларында анықталып отыр. Биылғы жылдың өзінде квота уақытылы белгіленбеген.

Ермахан ӘБЖАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:

Ол анықтаған заңбұзушылықты бұзушылықтар бойынша қазір прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, бүгінгі таңда қаралу барысында. Нәтижесімен біршама лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады. Жаңағы заңсыз мүгедектік тағайындау дерегі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру іс басталып, тергелу жүргізілуде.

А. Төребекқызы