Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қызылжарда колонияда жазасын өтеп жатқан жігіт 8 жасар қызды зорлап кеткен

AstanaTV
14.07.2022ж. 20:00
1246
Қызылжарда колонияда жазасын өтеп жатқан жігіт 8 жасар қызды зорлап кеткен

Қызылжарда колонияда жазасын өтеп жатқан жігіт 8 жасар қызды зорлап кетті. Шаһардың Ойқала ауданында белгісіз біреу жеткіншекті үйінің қасында ұстап алып, арам ойын іске асырған. Күдікті ретінде  27 жастағы ер адам ұсталды. Оның  қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқаны белгілі болды.   2020 жылы ұрлық жасағаны үшін сотталып, қатаң тәртіптегі түрмеге қамалған.  Ал бірнеше ай бұрын Петропавлдың қасында орналасқан еркін тәртіптегі колонияға ауыстырылыпты. Қазір құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.

Арман НҰРТАЗИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Бұл жігіт қылмыс болған аумақта жеке кәсіпкерге жұмыс істеп жүрген.  Еңбек кодексіне сәйкес жеңіл тәртіптегі колонияда жазасын өтеушілер қалада жұмыс істеуге құқылы. Бірақ оның неге жұмыс орнында болмағанын, жауапты тұлғалар неге бақыламағанын  анықтайтын боламыз. Күдікті қылмыс жасаған соң қашып кеткен жоқ. Ольшанкадағы колонияға оралған. Біз оны сол жерден таптық.

А. Құрманкин