$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда заңсыз құрылыс салушылар көбейді

AstanaTV
14.07.2022ж. 20:00
1223
Павлодарда заңсыз құрылыс салушылар көбейді

Павлодарда заңсыз құрылыс салушылар көбейген. Облыс орталығының өзінде 49 нысаннан заң бұзушылық анықталды. Көпшілігі заң талаптарын өрескел бұзған. Мәселен, Сәтбаев көшесі 245 пен Горкий көшесі 27/1 мекен-жайларындағы мына  үйдің іргетасы құрылыс  салуға әкімдіктен рұқсат алмастан қаланған. Ал бұл жердің астымен су және кәріз құбырлары жүргізілгендіктен,  үй немесе басқа  нысан салуға болмайды.

Назымбек БЕКЖАНОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АГЕНТТІГІ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
 
Біз тұрғындардың өтініші БАҚ-та жарияланған мәліметтер бойынша тексеру жүргіздік. Нәтижесінде жемқорлыққа жол ашатын фактілер кездесті. 49 құрылыс нысанында бірқатар кемшілік бар. Осыған байланысты қала әкімдігіне уақытша құрылыс салуға рұқсат беруді тоқтату туралы ұсыныс енгіздік. Ал қаланың құрылыс бөлімінің басшысына айыппұл салынды.

100-ге тарта құрылыс қаланың бас жоспарын бұзған.  Салдарынан көшелерді кеңейтуге жер қалмапты. Бұл автотұрақтар санын 90 процентке қысқартып, тұрғындардың көліктерін жол үстіне қоюына әкеліп соқтырған. Жаңадан салынып жатқан этиталы үй аулаларында көлік және балалардың ойын алаңы да қарастырылмаған. Иін тірескен құрылыста қауіпсіздік шаралары  сақталмапты.

Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИЛИАЛ БАСШЫСЫ:

Бұл халыққа ыңғайсыздық тудырып отыр. Себебі, құрылыстың талаптары орындалмай отыр. Мысалы, тығыздығы мүлдем еске алынбай отыр. Егер қандай бір төтенше жағдайлар болған жағдайда, бұл үйлерге мүдделі қызметкерлер машаиналар да өте алмайды. Көліктерде өте алмайды. Тиісті көмекті де дер уақытында жүргізе алмай қалу қаупі бар.


Былтыр  қала тұрғындары шаһарда заңсыз құрылыс қаптап кеткенін айтып, арнамызға шағымданған болатын. Осыдан кейін құзырлы органдар тексеру жүргізді.  Соның нәтижесі енді жарияланып отыр.   

Ө. Қуанар