Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мыңнан астам "Еділбай" тұқымды қой тірідей жанып кетті

AstanaTV
15.07.2022ж. 20:00
2792
Мыңнан астам "Еділбай" тұқымды қой тірідей жанып кетті

Атырауда жеке шаруашылыққа тиесілі мыңнан астам "еділбай"  тұқымды қой тірідей жанып кетті. Оқиға  Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылдық округіне қарасты Жалғызапан ауылы маңында болған. Ресми дерек бойынша, 47 гектар жер отқа оранған.  Ауыл тұрғындарының айтуынша, тілсіз жау Ресей Федерациясы Астрахань облысының аумағында тұтанған. Кейін Атырау облысына жайылған. Серіктестік тірі қалған қойды сойып алып үлгеріпті.  

Нұрлыбек ҚАЛИЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Тірі қалған 199 бас қой сойып алынды. 304 бас қой Атырау қаласына автокөлікпен жеткізілді. Шығын көлемі 500 бас қой. Серіктестік тарапынан мал басы шығыны жөнінде құзырлы органдарға арыз-шағым түскен жоқ.

Жергілікті төтенше жағдайлар бөлімінің мәліметінше, өртті сөндіруге 30 құтқарушы мен 4 техника жұмылдырылған.  Жалғызапан және Сүйіндік ауылының ерікті тұрғындары  жалынды  ауыздықтауға атсалысқан. Абырой болғанда, адам аман.  Қазір шаруашылыққа келген шығын есептеліп жатыр.

Ә. Дүкембаева