Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағанды облысында ауыл әкімдерін оқыту басталды

AstanaTV
15.07.2022ж. 20:00
1873
Қарағанды облысында ауыл әкімдерін оқыту басталды

Қарағанды облысының барлық ауылдарына скрининг жасалады. Осыған орай  өңірде ауыл басшылары мен «Amanat» партиясының атқарушы хатшыларының  үш күндік оқу- семинары өтті. Партия жанындағы саяси менеджмент академиясының жаттықтырушылары  «Экономикалық өсу саласында халықтың табысын арттыру мақсатында басшылардың құзыретін арттыру» тақырыбында дәріс оқыды. Семинардың алғашқы легіне Абай, Шет, Қарақаралы аудандарынан 40- тан астам әкім қатысты. Олар - тұңғыш рет халық сайлаған жергілікті басшылар.Оқытушылар қатысушыларды ауыл бизнесінің скринингін өз бетінше ұйымдастырып, жүргізуге сондай- ақ ауыл проблемаларын халық өкілдерімен бірлесе анықтап, шешуге үйретеді. Мақсат тұрғындардың қала халқымен бірдей жағдайда өмір сүруіне жағдай жасау болып табылады.

Тілеуқор БАЗЫЛОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫ ДАРИЯ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ:

Халық сайлаған соң біз көп нәрселерді бірге шешеміз, проблемаларды кемшіліктерді. Мысалы, жол мәселесін айтуға болады. Біздің кентімізде 23 шақырым жол бар. Алдыңғы жылдары грейдер төселген- тін. Осы келесі жылға асфальт төсейміз деп жоспарлап отырмыз.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Әкімдерді оқыту арқылы экономикалық- әлеуметтік мәселелрді шешу. Ауыл- ел тірегі. Елдің негізгі мәселелерін шешу ауылдан басталатынын уақыт көрсетті. Сондықтан біз бүгінгі күні осы ауылға назарымызды салдық. «Amanat» партиясы ол «Ауыл- ел аманаты» деген бағытпен жұмыс жасайды.

А. Қуаш