Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Еліміздің оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі

AstanaTV
18.07.2022ж. 20:00
2007
Еліміздің оңтүстік, шығыс және батыс бөліктерінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі

Қазгидрометтің болжамынша, еліміздің оңтүстік, шығыс және батыс аумақтарында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.  Салдарынан ормандағы өрт қаупі жоғарылайды. Талдау көрсеткендей, тілсіз жаудың 43 проценті- табиғи құбылыстардан туындайды, ал 50 проценттен астамына адами фактор себеп болады. Осының салдарынан жыл сайын елімізде 800-ге тарта орман және дала өрті тіркеледі дейді мамандар. Биыл да жағдай алаңдатарлық.  

 Нұрболат ДЕРБІСОВ, ҚР ТЖМ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
ТЖМ әкімдіктермен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, халықтың ормандар мен дала алқаптарындағы қауіпсіздік талаптарын сақтауы, ауыл шаруашылығы ұйымдарының өрт қауіпсіздігі қағидаларын орындауын қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауға алды. Барлық өңірлерде кең ауқымды алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Ал Алакөлдегі алапат өртке қатысты кінәлі адам анықталса, оған материалдық залалды өтеу жүктеледі. Естеріңізге сала кетейік, бірер апта бұрын туристік аймақта 4 демалыс базасы отқа оранып, өрт жалыны 3 мың шаршы метр аумақты  шарпыған. Өрттің тез таралуына жел мен құрғақ ауа райы және ағаштан салынған үйлердің тығыз орналасуы себеп болған.

К. Мерей