Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Оралда жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Оралда жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Оралда жол апатынан сегіз адам опат болып, бір түнде екі әулет қара жамылды. Қайғылы оқиға қала сыртындағы айналма жолда болған. Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, алдағы көлікті басып озған жүргізуші жолдың қарсы бетіне шыққан кезде басқа бір мәшинеге бетпе-бет соғылған. Соққының ауыр болғаны соншалық, екі көліктегі бес жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен.
 
Ерлан ЖАҚСЫБАЕВ, БҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Ниссан» маркалы автокөліктің ішінде бір жүргізуші болады, ал «Лада» автокөлігінің ішінде жеті азамат болады. Қазіргі таңда сегіз тұлға да өмірден озды. Алдын-ала айтуға бірден айтуға болады жол-көлік оқиғасы «Ниссан» автокөлігі жүргізушісінің кесірінен болды деп. Көбіне мына жол-көлік оқиғалары Ресей мемлекетінде тіркелген автокөліктердің қатысуымен болуда.
 
Көліктегі басқа үш жолаушы кейін түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Оның екеуі - 10 және13 жастағы бала. Бірақ олар есін жимастан, ауруханада көз жұмды.Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған полицейлердің айтуынша, Ресей мемлекетінде тіркелген көліктердің жол апатына ұшырауы жиілеген. Өйткені олардың тиісті құжаттары жоқ, ешкімнің атына тіркелмейді. Осыны алға тартқан тәртіп сақшылары өңірге басқа елден қанша мәшине әкелінгенін тап басып айта алмай отыр.

Е. Карин