Алматыда Есентай өзенінің жағалауында жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды. Ұзындығы 4 шақырым жағалауды абаттандыру жұмыстары аяқталды. Өзеннің бойына ағаш қоршау және тіреуіш қабырғалары орнатылды. 600-дей жапырақты ағаш егіліп, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары салынды.
Мұрат ЖЕКСЕНБАЕВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
Біз 2018, 2019 жылдары Әл - Фарабиден Жамақаев көшесіне дейін жасадық. Ол жерде халық өте көп. Қазір Жамақаевтан мына субөлгішке дейін бітірдік. Ендігі этап – су бөлгіштен Медеуге дейін жасап шығу. Ол жақ -12 шақырым.
Абаттандыру жобасы табиғи ландшафты сақтай отырып, қалалықтардың жайлы демалысына жағдай жасауға бағытталған. Мұның негізінде заманға сай инфрақұрылымды табиғатқа барынша зиян келтірмейтіндей етіп жасау идеясы жатыр.
Мәдениет СЫЗДЫҚОВ, ЖОБА АВТОРЫ:
Европалық аналогтардан үлгі алдық. Бұл жобаны іске асыру үшін 1 жылдай уақыт кетті. Басты мақсатымыз – жаяу жүргіншілерге арналған жайлы жағдай жасау болды.
Есентай өзені жағалауының түрленгеніне жергілікті тұрғындар да дән риза.
Наиля, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Алматыда осыншама сұлулықты көреміз деп ойламадық. Уақыт өте келе түрлі бұзақылар бұл жерге зиянын тигізбесе екен дейміз. Мындағы гүлдер де, ағаштар да өте қымбат, әдемі. Бізге ұнады.
Алдағы 5 жылда абаттандыру жұмыстарын Медеу шатқалына дейін жүргізу жоспарда бар.
М. Жақан