Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Нұр-Сұлтан-Алматы" бағытында тағы бір Тальго пойызы қатынайды

AstanaTV
19.07.2022ж. 20:00
1389
"Нұр-Сұлтан-Алматы" бағытында тағы бір Тальго пойызы қатынайды

Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында тағы бір Тальго пойызы қатынайды. Астанадан  тақ күндері, ал Алматыдан - жұп күндері жолға шығады. Екі аралықты 15 сағатта жүріп өтеді. Құрамында 31 отандық вагон бар.

Жәнібек ТАЙЖАНОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

"Тұлпар" вагондарының іші кең. Бұл құрамда шамамен 17 вагон бар, олар -турист класты вагондар. Ал екі вагон бизнес класс, алтауы отыратын орны бар вагондар. Біреуі мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған орны бар купе вагоны. Сонымен қатар, пойыздың осы құрамында 1 буфет пен мейрамхана бар. Тазалыққа, қызмет сапасына ерекше  мән береміз.

Тальго пойыздарында мультимедиялық қызметтер көрсетіледі. Кино көріп, ән тыңдауға мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, жолаушыға да қызмет көрсетушіге де барлық жағдай жасалған.

Перизат НАРМАТОВА, ЖОЛСЕРІК:

Әр купенің ішінде салқындатқыш, 220 волт қуат көздерімен қамтамасыз етілген. Әр вагонда биотуалетпен, тазартылған сумен және ауа тазартқыш желілермен қамтамасыз етілген. Бұл тек қана онымен тұрмай, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін де жағдай жасалған. Бұл жүру жылдамдығын қарқынды ұстап отырады.    

Жазғы маусым басталғалы жұрттың  жүріс-тұрысы, барыс-келісі көбейді. Жолаушылар жүрдек пойызды уақыт үнемдеуге, жайлы сапарлауға ыңғайлы деп бағалады.

Ержан ТӨЛЕГЕНОВ, ЖОЛАУШЫ:

Маған өте ұнайды. Таза әрі кең. Әр вагонда ванна бөлмелері бар, өте ыңғайлы. Мен әлі вагон-мейрамханада болмадым, бірақ жанынан өттім. Қызықты, әдемі болып көрінді. Бұл үлкен ассортимент сияқты көрінді. Осындай ыңғайлы, тиімді вагондар көбейгені дұрыс. Сапаны бірінші кезекке қойғаны ұнады.

Жаңа пойызға билетті сайт арқылы онлайн немесе «ҚТЖ билеттері» қосымшасы арқылы алуға болады. Вагонда орын болмаған жағдайда «күту парағы» функциясына өтініш қалдыра аласыз.

Т. Әлжанов