Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Елорда "сары" аймаққа жақындады: қандай шектеулер енгізіледі?

AstanaTV
20.07.2022ж. 20:00
987
Елорда "сары" аймаққа жақындады: қандай шектеулер енгізіледі?

Эпидхауалды бағалау матрицасы бойынша  Елорда сары аймаққа жақындады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының  бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Індет  жұқтырғандар саны  тәулігіне 586-ға жеткен.   Кіші түрі бар омикрон-штаммының жұқтыру ықтималдығы дельтаға қарағанда жоғары. Оған 20-30 жас аралығындағы адамдар жиі шалдығуда дейді.   Елорданың бас санитар дәрігері тұрғындарды сақтық шараларын ескеруге,  қоғамдық орындарда бетперде тағып жүруге және коронавирустың алғашқы белгілері байқалғанда дәрігермен кеңесуге шақырады.

Сархат БЕЙСЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАР ДӘРІГЕРІ:

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурушаңдық тамыздың ортасына дейін артады. Тамыздың аяғы - қыркүйекте бәсеңдейді. Нұр-Сұлтан бойынша да осындай болжам жасап отырмыз. Сондықтан қазір аурушаңдық көбейіп барады. Біз тамыздың ортасына дейін бұл өсім жалғасады деп болжаймыз.

Ә. Дүкембаева