Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағандыда 15 жасар қызды ит қапты

AstanaTV
20.07.2022ж. 20:00
1586
Қарағандыда 15 жасар қызды ит қапты

Қарағандыда 15 жасар қызды ит қапты.  Ол әпкесімен көшеде келе жатқанда, алдынан қарғыбауы да,  аузында тұмылдырығы да жоқ жабайы ит шығып, шабуыл жасаған.  Абырой болғанда,   қыздың шыңғырған даусын естігендер лезде жүгіріп келіп көмек қолын созған. Таксиге отырғызып, ауруханаға апарған. Бұл оқиғаны жәбірленуші қыздың отбасы әлеуметтік желіге жариялады. Жануардың иесі табылса, жауапқа тартылады.  

А. Шамшидин