Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қостанайда жол апатынан аудандық аурухана фельдшері көз жұмды

AstanaTV
21.07.2022ж. 20:00
1389
Қостанайда жол апатынан аудандық аурухана фельдшері көз жұмды

Қостанай облысында  жол-көлік апатынан  аудандық аурухана фельдшері көз жұмды. Полицейлердің хабарлауынша  32 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан көліктегі екі адам ауыр жарақаттанып, медицина маманы жан тапсырды.

Виталий ЦОЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345 бабы үшінші бөлігі бойынша  сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші ұсталды. Арқалық қаласындағы уақытша тергеу изоляторына  қамалды.

Тобыл-Торғай өңірінде жол-көлік апатынан қаза тапқандар  азаймай отыр. Жыл басынан бері 27 адам қайтыс болса, соның 14-і  шілде айында  жан тапсырған. 130 аймақ тұрғыны түрлі  дене жарақатымен ауруханаға түскен. Көлік апатының көбеюіне байланысты өңірде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы басталды. Полицейлер  екі күннің ішінде жол ережесін бұзған  600-ге  жуық  жүргізушіні анықтаған. Оның сегізі мас күйінде көлік тізгіндеген көрінеді.

З. Санай