Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті

AstanaTV
21.07.2022ж. 20:00
1724
Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті

Балқашта ер адам ауруханадан қашып кетті. Оның видеосы  әлеуметтік желіде  тарады. Жан сақтау бөлімінен қашып шықтым деген азаматтың өзінің айтуынша, аты-Қанат. "Ауруханада сұмдық жағдайлар болып жатыр" дейді ол.

Қарағанды облыстық денсаулық басқармасы ер адамның ауруханадан қашып кеткенін растады.  Дәрігерлердің айтуынша, оның ішіне және кеуде тұсына компьютерлік томография жасалған. Тексеріс барысында, өңешінде, асқазанында және өкпесінде патология анықталды дейді.  

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ:

Бұл пациент 14 шілде күні Балқаш қаласының орталық ауруханасына түсті. Өміріне қауіп төніп тұрған, қан қысымы өте төмен болды. Пациент медициналық мекемеде болғанда агрессивті мінез танытты, жағдайым жақсы деп айқайлады. Наркоздан кейін галлюцинация болды. 16 шілдеде аурухана қызметкерлерінің жоқтығын пайдаланып, бірінші қабаттағы терезе арқылы қашып кетті.  

Қазіргі кезде науқас орталық ауруханаға қайтып келген. Оны Қарағанды қаласындағы көпсалалы аурухананың онкологиялық стационарына жатқызу мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді.

Ә. Дүкембаева