Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Жетісу облысында 41 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

AstanaTV
22.07.2022ж. 20:00
1515
Жетісу облысында 41 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы Жетісу облысы бойынша  41 мың гектардан астам жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтарды. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері   – партия Хатшысы Дәулет Кәрібек, заңгер Бақытжан Базарбек, «AMANAT» партиясы атынан сайланған Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан  Кербұлақ, Ескелді және Көксу аудандарының тұрғындарымен кездесіп, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.  Комиссия күшімен Қарағанды, Жамбыл, Түркістан және Ақтөбе облыстарында 160 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Дәулет Кәрібектің мұндай жұмыстардың еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқанын айтты.

Дәулет КӘРІБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Жалпы осы жер аманаты комиссиясы құрылған болатын. Осы комиссияның аясында әрбір өңірде, әрбір ауданда осындай іс-шаралар жүріп жатыр. Мұның бәрі негізгі мақсаты-осы пайдаланылмай беріп жатқан заңсыз беріліп жатқан жерлерді елге, мемлекетке қайтарып беру. Енді осының аясында бізде Жетісу өңірі бойынша айтатын болсақ, 41 мың астам га жер қайтарылды. Жетісу өңірі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылды.


Ә. Дүкембаева