Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары «ТШО», «КПО» және «NCOC» сынды компаниялардың сатып алуларына қатыса алады

AstanaTV
12.07.2016ж. 20:00
3700
Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары «ТШО», «КПО» және «NCOC» сынды компаниялардың сатып алуларына қатыса алады

Қазақстандық мұнай-сервис компанияларына «Теңізшевройл», «Қарашығанак Петролеум Оперейтинг» және «NCOC» сынды  компаниялардың тендерлеріне қатысу мүмкіндігі туды. Мұнай-сервистік компаниялар одағы ірі операторларға қызмет түрін жеткізетін компаниялардың «Алаш» атты бірыңғай базасын құрды. Осылайша елдегі кәсіпкерлер барлық операторлардың тендерлеріне бірден қатыса алады.

Одақ төрағасы Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұнай-газ саласындағы сатып алудардың 70 пайызы жабық жағдайда өтеді. Ал жаңа портал тендерлер туралы ақпаратты бір арнаға тоғыстырмақ. Алайда тендерді тасада өткізуге дағдыланып қалған компаниялар бар мәліметін жайып салуға асығып отырған жоқ. Ал «ТШО», «КПО», «NCOC» сынды шетелдіктердің үлесі басым кен орындарын ақпаратын жариялауға міндеттей алмаймыз,- дейді мұнай-сервис компаниялары одағының басшылығы.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай-сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы:

Қазіргі таңда тек қана келісіммен отырмыз. «NCOC» толық келісімін берді. ТШО келісімін мына жағында берді. Сіздерден тіркеуден өткен адамдарды біз өзіміздің базаға берейік деді. Бірақ тендерлері өтетін тендер жайлы мағлұматтарын әзірге Алаш порталына береміз деп олар келісімін берген жоқ. Бірақ  «NCOC» берді. КПО, әлі дамуымыз басталған жоқ, жыл аяғына дейін толыққанды жауабымызды береміз, деді. Қазір келіссөздер жүріп жатыр.