$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайға қатысты тергеу аяқталды

AstanaTV
25.07.2022ж. 20:00
3867
Әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайға қатысты тергеу аяқталды

Әскерде қаза тапқан маңғыстаулық Әлібек Қалбайға қатысты тергеу аяқталды.  Бұл туралы әскери прокуратураның ресми өкілі хабарлады.  Онымен әскерде борышын бірге өтеген сарбаз күдікті ретінде қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу кезінде күдіктінің кінәсін дәлелдейтін материал толығымен  жиналды дейді.   

Еркін ҚОЖА-АХМЕТ, БАС ӘСКЕРИ ПРОКУРОРДЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Қатардағы жауынгер Қалбайдың қайтыс болуы бойынша, қылмыстық істің аяқталғанын, яғни мұнда қазіргі жағдайда тараптар істің құжаттарымен танысуда. Содан кейін істі сотқа жіберетін боламыз. Күдікті ретінде оның бірге әскерде бірге жүрген Аманжолов өтіп жатыр. Қазір ол соттың санкциясымен қамауда отыр. Және де істің материалдарымен танысып отыр.

Бұған дейін, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қаза тапқан маңғыстаулық сарбаздың туыстары "қылмыс толық ашылмады" деп наразылық білдірген болатын. Дегенмен, әскери прокуратура Әлібек Қалбайдың өлімінен соң әскердегі жағдайды жіті назарға алғанын жеткізді.

Ә. Дүкембаева