Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

1-қыркүйектен бастап теміржол қозғалысы тоқтауы мүмкін

AstanaTV
25.07.2022ж. 20:00
1310
1-қыркүйектен бастап теміржол қозғалысы тоқтауы мүмкін

1-қыркүйектен бастап теміржол қозғалысы тоқтауы мүмкін. Әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде осындай ақпарат тарады. Онда вирус жұқтырған адамдардың көбеюіне байланысты пойыз қатынасының тоқтайтыны, сондықтан ешқандай билет сатылмайтыны туралы жазылған. Ал, «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі желіде тараған құжат жалған - дейді. Компания өкілдері елімізде пойыз қозғалысын тоқтату жоспарда жоқ екенін айтты.

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Пойыздар қозғалысы кестесінің өзгеруіне байланысты қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл ретте аталған пойыздардың барлығына билеттерді сату кезең-кезеңімен қайта жалғасады.

А. Задабек