$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін

AstanaTV
25.07.2022ж. 20:00
1495
Кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін

Қазақстанда кей жүргізушілер айыппұл төлеудегі жеңілдіктен айырылуы мүмкін. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев айтты. Яғни, енді бір жылда бес рет ереже бұзған жүргізуші айыппұл төлейтін кезде 50 пайыздық жеңілдікті қолдана алмайды. Бұдан бөлек трассада жылдамдықты асырған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік арту көзделуде. Жоспар бойынша құжат жаздың соңына дейін қабылданады.Жылдамдықты асырғандар үшін қанша айыппұл салынатыны әзерге белгісіз.

Жандос МҰРАТӘЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Осы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы Заңға қол қойды. Заң осы жылдың 9 қыркүйегінде күшіне енеді. Сонымен қатар,  Ішкі істер министрлігі қала сыртындағы трассаларда орташа жылдамдықты асырғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілерін жауапкершілікке тарту мүмкіндігін көздейтін түзетулерді пысықтауда.

А. Базарбай