$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қызылордалық шаруалар мал азығына бөлінетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр

AstanaTV
26.07.2022ж. 20:00
2155
Қызылордалық шаруалар мал азығына бөлінетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр

Қызылордалық шаруалар мал азығына бөлінетін субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Былтыр елде қуаңшылық болып, жерге көк шықпай, жем-шқптің бағасы аспандады.  Биыл да қымбатшылық қос бүйірден қысып тұр дейді олар.

Бейбітшілік ТОЛЫБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ТӨРАҒАСЫ:

Насекомдар көбейеді де олар малдарды шағады. Кене бар. Содан малдың өлімі көп. Мына біз ИСЖ-ға тіркеп қойған малдарымыздың басын азайтпау үшін субсидия қылып, соған жем-шөп алып, соларды толықтырумен әлекпіз өмірбақи. Оның үстіне енді бермейміз деп жатыр. Одан қалай енді мал көбейеді.

Жауапты басқарма басшысы субсидияның жергілікті бюджеттен бөлінетінін айтады.  Алайда, облыстың қарызы шаш етектен, бюджетте артық көк тиын жоқ дейді.  

Талғат ДҮЙСЕБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бір әкім де оны шешпейді. Ол мәслихатта қаралады бюджетті нақтылаған кезде. Қазіргі таңда бүгінгі күнге бюджеттен өзі субсидия бөлінеді, бюджеттің мүмкіншілігіне қарай. Мынау бар екен бөлінсін деген заңда жоқ. Қазіргі таңда бюджеттің бөлуге мүмкіншілік болып тұрған жоқ. Сондықтан бекітілген бюджетте жем-шөпке қаржы қаралмаған.

Мал ашуы - жан ашуы. Ата кәсіппен айналысатындар  1- тамызға дейін жергілікті биліктен нақты жауап күтетіндерін айтады. Мәселе шешілмесе, кері шегінбейміз дейді.

М. Тоқтасынқызы