Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттырды

AstanaTV
26.07.2022ж. 20:00
1903
Ауылдық округ әкімдері біліктілігін арттырды

2300-ден астам ауыл, ауылдық округ әкімі мен «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары біліктілікті жетілдіру курстарын аяқтады. Бұл  «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылды. Жоба -биыл 14 сәуірде қабылданған «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарының қосалқы бағдарламасы. Мақсат – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерін шешу. Еліміздің барлық 17 өңірін қамтыған семинар үш күнге созылды.

Асқар МАЗФУЗ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БЕКТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Бұл жерде біз енді үйренгеніміз бірінші елді-мекенге нақты не қажет? Оны қалай анықтаймыз? Ол жерде біз халықтан сұрау арқылы анкетирование арқылы анықтаймыз. Қандай мамандану бойынша дамыту керек сол ауылды? Мүмкін бір ауылда мал шаруашылығына, бір ауылдар егін шаруашылығына қарай даму керек шығар, бір ауылда газ шығару керек шығар?! Сондықтан оның қалаға жақындығы, инфраструктурасы бар, осының барлығын бағамдап келе  ауылдың даму бағытын айқындау.

А. Шамшидин