Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жылыойлықтар кәсіп ашудан көш бастап тұр

AstanaTV
26.07.2022ж. 20:00
1183
Жылыойлықтар кәсіп ашудан көш бастап тұр

Атырау облысы, Жылыой ауданында «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен мемлекеттен қайтарымсыз грант алған 35 кәсіпкер кәсібін дөңгелетіп отыр. Олар  ауылдастарын жұмыспен қамтуда.

Солардың бірі  13 жыл сол салада жұмыс істеген көз дәрігері - Асыл Ахметова.  Ол  «Жарқыра» оптикалық көзәйнектер салонын ашқан.  

Асыл АХМЕТОВА, КӘСІПКЕР:

2020 жылы мен 20 млн теңге несие алдым. Оған жеткіншектердің арасындағы жеңіл көз көрмеушілікті тоқтатып, оны емдейтін  құрал-жабдықтар сатып алдық.

Айзада Қалуова да былтыр әкімшілік ұсынған «Бизнестің жол картасы-2025» жобасынан грант ұтқан. Тәжірибелі стоматолог  үш адамды  жұмыспен қамтып отыр.

Айзада ҚАБУЛОВА, КӘСІПКЕР:

Бұл Жылыой ауданындағы ең бірінші инновациялық аппарат болып есептеледі. Ол стоматология үшін ең керемет жетістік. Себебі, аталған құрал арқылы тістегі көрінбейтін кейбір ауруларды  25 есе үлкейтіп көру мүмкіндігі бар.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен облыс бойынша  тоғыз  жылда 162 кәсіпкер бизнес бастаған.  

А. Базарбай