Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды

AstanaTV
27.07.2022ж. 20:00
1665
Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды

Алматыда құрылыс алаңында кран құлап, бір жұмысшы көз жұмды. Тағы бір адам жарақат алған. Жазатайым оқиға құрылыс кранын бөлшектеп, қайта жинау жұмыстары кезінде болған. Алдын-ала болжам бойынша, қызметкерлер қауіпсіздік техникасын сақтамаған. Ал жергілікті тұрғындар  әу бастан бұл   құрылысқа қарсы болғандарын айтады.

Гүлнәр КЕЛМҰРЗАНОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Үйге күн түспейді, площадка жоқ. Парк жоқ, мына балалар ойнайтын жер жоқ, қарсы болмағанда? Бәрі против. Енді өздері қарап, білмей ме? Мынадай жерге стройка бере ме?!

Тұрғындардың наразылығын ескерген қала құрылысын бақылау басқармасы сәулет - жоспарлау тапсырмасын кері қайтарып, «Жетісу-2» тұрғын үй кешенінің құрылысын биыл мамыр айында тоқтатқан. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, дәл қазір оқыс оқиғаның толық мән-жайы анықталуда және арнайы экспертиза тағайындалмақ.

Медет РАБАЕВ, АЛМАТЫ қ. ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДАРЫ БОЙЫНША ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫН БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

2006-2007 жылғы барлық құжаттарға сәйкес құрылыс - монтаждау жұмыстарын жүргізуге қажетті құжаттар алынып басталған. 2020 жылы құрылыстың тоқтап қалуына байланысты жаңа меншік иесі сатып алған. Кейін көршілерден арыз келуіне байланысты жұмыс тоқтатылды. Қазір жоба меншік иесімен қайта қарастырылуда.

М. Жақан